ҚАШАҒАН іске қосылуға 98 пайыз дайын

размер шрифта: Aa | Aa
18.07.2013 21:11

 Атырау облысына іссапармен келген ҚР Мұнай және Газ министрі Ұзақбай Қарабалин  Қашаған кен орнында болды. Әлем көз тіккен алып кеніш іске қосылуға 98 пайыз дайын. Негізгі жұмыс аяқталып, екі пайызы ғана қалып отыр. «Дегенмен, пайыздық үлесі аз болғанымен, өте күрделі жұмыстар. Теңізден мұнай алу, бұған ондағы қышқыл газдарды қосыңыз. Артық асығыстық білдірудің керегі жоқ. Себебі денсаулыққа, экологияға әсері айтарлықтай. Қазір мердігерлердің қарқыны жаман емес. Сондықтан келісілген мерзімде бітіруі әбден мүмкін»,- деді министр.

Дәл бүгін Қашаған кен орнын игерудің кезекті маңызды кезеңі – Д жасанды аралындағы мұнай мен газды дайындаудың теңіз кешеніне күкірттен тазартылған газ берілді. Және 14 шілдеде алау оты жағылды. Бұл туралы  Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б. В. (НКОК)  баспасөз қызметі  хабарлама таратты. Аталған оқиға биыл жоспарланып отырған өндірістің басталуын тағы бір қадамға жақындата түседі. Күкірттен тазартылған газды беру мен одан кейін теңіз қондырғыларына қысымды айдау, сонымен қатар белсенді сынақтарды өткізу, жүйеге газ бен өндіру ұңғымаларынан флюидтерді беруге дейінгі маңызды қадам. «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындайтын жерүсті қондырғысында аталған жұмыстарды жоспарға сәйкес бірнеше апта бұрын жүргізу жоспарланып отыр. 

Іске қосу тізбегінің соңында жүйеге теңіз табанынан 4 200 метр тереңдіктен бірінші мұнай мен газ беріледі. Бастапқы айларда өндіріс көлемі сатылай іске қосылып, бірінші кезеңде тәулігіне 180 000 баррель, ал екінші кезеңде тәулігіне 370 000 баррельге дейін жеткізу көзделген

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту