Атырау облысында ұңғымадағы апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр

размер шрифта: Aa | Aa
09.07.2013 15:44
Атырау облысында Матин кен орнындағы ұңғымада бұрқақты жою жұмыстары жалғасып жатыр.

ҚазАқпарат хабарлағандай, төтенше жағдай ұңғымада 6 шілде күні болған. «НИА Дриллинг» ЖШС бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде мұнай сыртқа атылған. Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ. Апат орын алған жерге бұрқаққа қарсы «Ақ Берен» қызметінің қызметкерлері жіберілді.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің хабарлауы бойынша, ұңғымадан сыртқа шығарылатын газ бен ауа араласқан қоспаны талдау ілеспе газдың 90 пайыз, соның ішінде 10 пайыз метан және осынша мөлшерде судың бар екендігін көрсетті.

Ұңғымадағы апатты жою үшін «Ақберен» бұрқаққа қарсы қызметі мен кен орнында өндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан «Матен Петролеум» компаниясы, «НИА Дриллинг» ЖШС жұмылдырылды. Барлығы 30 адам мен 8 техника осы жұмысқа араласты.

    АТЫРАУ. 8 шілде. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газОқиға
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту