Астана 2017 жылы ХХII Дүниежүзілік мұнай конгресін өткізуге әзір - өтінімнің Мәскеудегі таныстырылымы

размер шрифта: Aa | Aa
12.07.2013 15:45
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде 2017 жылы Астанада ХХII Дүниежүзілік мұнай конгресін өткізуге бағытталған қазақстандық өтінімнің тұсауы кесілді.

Шараға РФ тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері, халықаралық қатынастар бойынша ресейлік сарапшылар қатысты.

Таныстырылым барысында Дүниежүзілік мұнай конгресі қазақстандық ұлттық комитетінің кеңесшісі Ардыч Дурду Астананың алқалы жиынды жоғары деңгейде өткізуге әзір екенін алға тартты.

«Қазақстанның географиялық жағынан Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасуы, сондай-ақ әлемдік мұнай-газ секторындағы орны басты артықшылық болып табылады. Қазақстан жаңа, бірақ өте маңызды әрі мықты ойыншы. Елдің көмірсутекті шикізатты өндіруде, сақтауда және тасымалдауда дамыған инфрақұрылымы бар. Сонымен қатар Қазақстан энергияның дәстүрлі көздерін неғұрлым тиімді қолдану бойынша өзінің бірегей әдіс-тәсілдерін ұсына алады», - деп атап өтті А. Дурду.

РҒА Шығыстану институтының ғылыми қызметкері Шохрат Қадыровтың айтуынша, Астанада Дүниежүзілік мұнай конгресінің ұйымдастырылуы елдің экономикалық өрлеуімен қатар барлық аймақтағы энергетикалық дамудың нығаюына сеп болмақ. Қазақстанның аталмыш шараларды өткізуде тәжірибесі мол.

ХХII Дүниежүзілік мұнай конгресін өткізу құқығы байқауына Астанадан өзге Хьюстон (АҚШ), Ыстамбұл (Түркия) және Копенгаген (Дания) өз өтінімдерін жолдаған. Саммит қай елде өткізілетіні туралы шешім биылғы жылдың қазанында Калгариде Дүниежүзілік мұнай кеңесінің отырысында құпия дауыс беру арқылы қабылданбақ.

Тұсаукесер рәсімін ҚР РФ елшілігі «Kazenergy» қазақстандық мұнайгаз және энергетикалық кешен қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.

МӘСКЕУ. 11 шілде. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Мұнай-газҚазақстан және РесейҚазақстанның сыртқы саясаты
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту