Данияр Берлібаев «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

размер шрифта: Aa | Aa
13.07.2013 15:47

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Корпоративтік даму жөніндегі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Данияр Берлібаев «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Оның кандидатурасын жақында болған отырыста директорлар кеңесі (ДК) бекітті. Кеше акционерлердің кезектен тыс жалпы отырысында ДК төрағасы Ләззат Қиыновтың уәкілдігі мезгілінен бұрын тоқтатылған болатын.

Д. Берлібаев 1968 жылы туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді бітірген. Әр түрлі уақыттарда «ҚазТрансГаз» ЖАҚ бірінші вице-президенті, «Мұнай және газ транспорты» ЖАҚ бас директорының бірінші орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ басқарушы директоры, «Қазмортрансфлот» ҰТКК» АҚ бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» вице-президенті, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры және т.б. қызметтерді атқарған.

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: «ҚазМұнайГаз»Мұнай-газЭнергетика
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту