
Атырау МӨЗ жарты жылда 2,29 млн. тонна мұнай өңдеді
размер шрифта: Aa | Aa |
14.07.2013 15:49 | ||
Атырау МӨЗ биылғы қаңтар-маусым айларында 2 млн. 291,4 мың тонна мұнай өңдеді. Кәсіпорынның баспасөз қызметінен хабарлағандай, жарты жылда зауытта 235 мың тонна көлік жағармайы, 589,1 мың тонна дизельді отын, 26,1 мың тонна ТС-1 реактивті отын, 72,5 мың тонна пеш отыны, 828,9 мың тонна тауарлық мазут, 345,6 мың тонна вакуумды газоиль, сонымен қатар сұйытылған газ, кокс және техникалық күкірт өндірілген. АТЫРАУ. 13 шілде. ҚазАқпарат
|
||
Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газ |