Қазақстанда 1-ші жартыжылдықта уран өндірісі 8,9% өсті

размер шрифта: Aa | Aa
22.07.2013 17:01

Қазақстанда 2013 жылдың 2-ші тоқсанында 5590 тонна уран өндірілді, деп хабарлады дүйсенбіде "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атам компаниясының баспасөз қызметінен.

Алдында Қазақстанда 2013 жылдың 1-ші тоқсанында уран өндірісі 4 мың 979 тоннаны құрады деп хабарланған еді. 2012 жылдың қаңтар-маусында аталған көрсеткіш 9 мың 706 тоннаны құраған. Сонымен, республикада 2013 жылдың 1-ші жартыжылығында уран өндірісі 10 мың 569 тоннаға жеткен, 8,9% өскен.
Республикада уран өндірісінің жалпы көлемінде "Қазатомөнеркәсіптің" үлесі 2-ші тоқсанда 3 мың103 тоннаны құрады.
"Қазатомөнеркәсіп" –уран мен оның қоспаларын, сирек металдарды, атом энергетикалық станциялары үшін ядролық отынды экспорттау жөніндегі Қазақстанның ұлттық операторы, компания әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының қатарына кіреді.

Алматы. 22 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту