ҚазМұнайГаз журналистер арасында «Қалам қуаты» байқауы өтетінін жариялайды

размер шрифта: Aa | Aa
23.07.2013 11:42
 «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында.

 Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының өзекті мәселелерін ең ұтымды айқындау мақсатында «Қалам қуаты» журналистік шеберлік байқауы өтетінін жариялайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.

Байқауға қатысуға 2012 жылғы 15 тамыз бен 2013 жылғы 15 тамыз аралығында баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, республикалық және аймақтық баспа мен электронды БАҚ, оның ішінде Интернет-сайттардың журналистері қатысуға шақырылады. Байқау жеңімпаздары түрлі БАҚ-қа арналған номинацияларда анықталады және ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталады. Қатысу ережесімен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ-ның ресми веб-сайтынан танысуға болады.

АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат

Ключевые слова: «ҚазМұнайГаз»
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту