Қаржы полициясы мұнай компаниясының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады

размер шрифта: Aa | Aa
20.07.2013 11:44

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Қызылорда облысы бойынша департаменті «Петро Казакстан Кумколь Ресорсиз» АҚ мұнай компаниясының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабы 1-бөлімі (ұйымның бюджетке салық және (немесе) басқа міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы) бойынша іс ашылды.

«Бұл тұлғалар 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін декларацияға табыс туралы бұрмаланған мәліметтерді енгізу жолымен 861 млн теңге сомаға салық төлеуден жалтарған», делінген хабарламада.

Қаржы полициясы істің жай-жапсарын хабарлаған жоқ.

АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат

 
Ключевые слова: Мұнай-газСыбайлас жемқорлықпен күресҚаржы полициясыҚызылорда облысы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту