
Атыраудағы газ-химиялық кешеннің өнімі экспортқа бағытталады
размер шрифта: Aa | Aa |
19.07.2013 11:50 | ||
Атыраудағы газ-химиялық кешенінде өндірілетін полиэтилен мен полипропиленнің басым бөлігі экспортқа шығарылатын болады, деп хабарлады біріккен химиялық компания басқарма төрағасының орынбасары Жеңіс Өсербай.
Ж. Өсербайдың айтуынша, газ-химиялық кешен жылына 1 миллион 300 мың тонна полиэтилен мен полипропилен шығаратын болады. Алайда оның тек 10-15 пайызын қазақстандық тұтынушылар пайдаланады. «Қалған өндіріс көлемін біз экспортқа шығаруды жоспарлап отырмыз. Отандық өндірушілерді полиэтилен мен полипропиленді қамтамасыз етуден қалған өнімді сату жөнінде келісім жасалып, қол қойылған», - деп атап өтті Ж. Өсербай. Атырауда өндірілген мұнай-химиялық өнімдердің негізгі тұтынушылары Қытай мен АҚШ болмақ деп жоспарлануда.
|
||
Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газӨнеркәсіп |