Атырауда «ТеңізШевройл» ЖШС газ-химия кешені үшін газ жеткізеді

размер шрифта: Aa | Aa
19.07.2013 11:52
 Атырау облысында салына бастаған Қазақстандағы алғашқы газ-химия кешені Теңіз кен орнынан жеткізілетін газбен жұмыс істейді.

«ТеңізШевройл» ЖШС-мен жасалған меморандум бойынша кәсіпорыннан кешенге жылына 7 млрд. текше метр құрғақ газ, 550 мың текше метр пропан және 440 мың текше метр бутан жеткізілетін болады. Алғашқы уақытта бұл жеткілікті. Ал уақыт өте келе, өндіріс кеңейтіле бастаған кезде Қарабатан теңіз кен орнының газы пайдаланылады», - деп хабарлады ҚР Мұнай және газ министрлігі Мұнай-химия және техникалық реттеу департаментінің директоры Шолпан Қайдарғалиева.

АТЫРАУ. 18 шілде. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газӨнеркәсіпАтырау облысы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту