Қашаған кенішінде мұнай өндіру 2013 жылдың қазанынан кешіктірілмей басталады - Ұзақбай Қарабалин

размер шрифта: Aa | Aa
18.07.2013 11:59
Атырау облысындағы Қашаған кенішінде тәжірибелік-өнеркәсіптік мұнай өндіру ағымдағы жылдың қазанынан кешіктірілмей басталады, одан бұрын болып қалуы да мүмкін, деп хабарлады аймақта жүрген ҚР мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.

«Тұтастай алғанда жобаның даярлығы 98 пайыз. Мұнай жөнелтілетін аралдардың даярлығы жағдайын қарап көрдік. Өндіруді қазанда бастауға үміт бар. Бұдан бұрын болса, тіпті жақсы. Соның барлығын тоғыстырып, жіті жұмыс жасау, ешбір қателіктерге ұрынбай, бірде-бір рет те мұнай ағып кетуін болдырмауымыз қажет. Сондықтан да жауапкершілік өте жоғары. Асығыстыққа жол бермеу қажет. Сонымен бірге мердігерлердің де өте белсенді жұмыс жасап жатқанын көріп отырмыз. Жабдықтарды сынақтан өткізу нәтижелері көңілге сенім ұялатады. Биылғы жыл біз үшін табысты болады, деген сенім бар», - деді Ұ.Қарабалин.

АТЫРАУ. 17 шілде. ҚазАқпарат 

 
Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газҚР Мұнай және газ министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту