ҚР Мұнай және газ министрі «Conoco Phillips-тің» Қашаған жобасындағы өз үлесін сатуына қатысты түсініктеме берді

размер шрифта: Aa | Aa
18.07.2013 12:12
Қазақстан «Conoco Phillips» компаниясының өз үлесін сатуына байланысты келісімдерге араласпайды, деп хабарлады ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.

«Сатып алу-сату шаруашылық субъектілері арасында келісім жүргізілуде. Біз оған әзірге араласпаймыз», - деп хабарлады Ұ. Қарабалин.

Министр «Conoco Phillips» компаниясы, БАҚ-та айтылғандай, өз үлесін қытай компаниясына сатса, онда ҚХР Қазақстандағы мұнай-газ секторындағы өз позициясын нығайта түсетіндігі туралы түсініктеме берді.

«Менің ойымша, одан ешқандай қауіп жоқ. Егер ол ірі компания болса, онда оның жобасында істес болатын одан да ірі компаниялар бар. Біз үшін маңыздысы - өнімдер мен өнімдер бөлімі бекітілген келісімге сай болса болғаны», - деді Ұ. Қарабалин.

«Conoco Phillips» Қашаған жобасындағы 8,4% үлесін сатуға әзір. Қазан айының соңында компания өз үлесін сататыны жайында ресми түрде ҚР Үкіметі мен жоба бойынша серіктестерін ескертті. Мәміле құны - 5 млрд $. Егер еліміздің мұнай-газға қатысты жобаларындағы үлескерлер өз еншілерін сататын болса, Қазақстан осы үлестерді сатып алуға басымды құқыққа ие.

 АТЫРАУ. 17 шілде. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: ҚР Мұнай және газ министрлігіАтырау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту