Канада Қазақстанның мұнай өндірісіне өз үлесін қосуда

размер шрифта: Aa | Aa
16.07.2013 12:16
Қазақстанда қазір ауыр мұнайды өндірудің мәселесі өзекті болып тұр. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Қазақстан және Канада: даму ынтымақтастығының қазіргі жағдайы және келешегі» деп аталатын дөңгелек үстел отырысы кезінде айтылды.

«Қазақстанда казіргі таңда мұнай өндірудің жеңіл фазасы аяқталып, оның салмағы ауырлай түсуде. Сондықтан канадалық KUDU Industries Kazakhstan LLP компаниясының винттік сораптарына деген сұраныс өте жоғары болып отыр. Бұл салада 20-ға жуық жеке патенттері мен бірнеше тың технологиялары бар біздің компаниямыздың Қазақстанда жұмыс жасап жатқанына 9 жыл болды», - дейді KUDU Industries Kazakhstan LLP компаниясының президенті Құралай Әбдіғұлова. Оның айтуынша, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе облыстарындағы ірілі-ұсақты көптеген мұнай компанияларында қолданылып жатқан олардың винттік сораптары шетелдік өзге өнімдермен салыстырғанда бағасы жағынан да, сапасы жағынан да өндірісшілерге қолайлы. Оған қоса, онда жұмыс істейтін инженерлер түгелдей Қазақстан азаматтары. Жалпы өз саласында әлемде көшбасшылардың бірі болып табылатын KUDU Industries компаниясында бүкіл әлем бойынша 300-400 адам ғана жұмыс жасайды. Инновациялық өндірісі арқылы әлемдік нарықтан өз орнын тапқан канадалық бұл компанияның қызметі қазақстандық көптеген өндірісшілерге үлгі-өнеге бола алады. Жалпы қазіргі таңда ғылым жетістігін өндіріске енгізу арқылы қазақстандық жаңа кәсіпорындарды құру қажеттілігі туындап отыр.

АЛМАТЫ. 15 шілде. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: АлматыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту