Мәжіліс депутаттары Ембі мұнайшыларымен кездесті

размер шрифта: Aa | Aa
16.07.2013 12:19
Аймақтарда іссапарда жүрген  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Атырау облысында болып, онда Ембі мұнайшыларымен кездесті. 

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жүздесу кезінде мұнайшыларды алаңдатып отырған маңызды мәселелер талқыға салынды. Мұнайшылармен, әңгіме барысында әсіресе, құрлықтағы кен орындарының терең зерттелу жайы төңірегінде кеңірек сөз болды. Осыған байланысты, өз ойын ортаға салған Мәжіліс депутаты Жалғас Дүйсенғалиев:  «Елбасының мұнай қорын молайту жөніндегі тапсырмасы бойынша тек қана теңіздегі Қашаған кен орны емес, құрлықтағы кен орындарында жасалып жатқан инновациялық жұмыстар жалғасын табуы тиіс. Сондықтан да, мұнайшылардың  мұнай қорын молайту жөніндегі пікірлерін білу біз үшін маңызды. Алдағы уақытта мұнай саласына қатысты заңға өзгерістер енгізу кезінде осының бәрі есепке алынатынына сенім мол», деді.

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Ақтөбе облысыМұнай-газПарламент
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту