Қазақстанда 2013 жылы экономика өсімінің 6% қамтамасыз етілуге тиіс - премьер

размер шрифта: Aa | Aa
23.07.2013 13:12

Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов 2013 жылдың нәтижелері бойынша экономика өсімін 6% деңгейінде қамтамасыз ету туралы мемлекеттік органдарға тапсырма берді.

"Біздің еліміздің экономикасына ықпал етуші сыртқы факторларға қарамастан биыл экономика өсімінің 6% қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, облыс әкімдерінің бәріне қатысты", деді ол сейсенбіде үкіметтің отырысында.
Үкімет жетекшісі атап өткендей, өңдеу өнеркәсібінің өсімін ынталандыру жұмыстарын жалғастыру керек, оның ішінде үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы мен құрылыс секторы, құрылыс индустриясы саласының жұмысын белсенді түрде жүзеге асыру керек. Сондай-ақ С.Ахметов экономика өсіміне ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңделуі оң ықпал етер, деген үмітін білдірді.
Сонымен қатар, экономика министрлігіне бюджеттік бағдарламалардың администраторларымен 1-қыркүйекке дейін парламент қарауына бірлесіп 2014-2016 жылдарға арналған үш жылдық бюджет пен әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
2012 жылы елдің экономикасының өсімі 5% құрады. Қазақстанда 1-ші жартыжылдықта ІЖӨ өсімі 5,1% құрады.
Экономика министрлігінің болжамына қарағанда Қазақстанда 2013-2017 жылдары ІЖӨ жыл сайын 6-7% деңгейінде өспек.

Астана. 23 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту