Қазақстанда тамыз айында газ бен жанар-жағар майдың тарифтері қымбаттамайды –Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

размер шрифта: Aa | Aa
26.07.2013 14:45

Қазақстанда биылғы жылдың тамыз айында жылу, газбен қамсыздандыру және жанар-жағар май тарифтері қымбаттамайды, деп хабарлады табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев.
Бұл туралы ол жұмада Астанада баспасөз мәслихатында айтты.

Сонымен қатар, ол атап өткендей, 1-тамыздан бастап еліміздің үш аумағында сумен қамсыздандыру, су бұру қызметінің бағасы өзгертілмек.
Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында "ОтырарҚызмет" үшін 2013-2015 жылдарға тарифтердің шектеулі деңгейлері енгізілген, сумен қамсыздандыру қызметі 51% өседі. Судың тарифі халық үшін бір текшеметрдің бағасы 55,53 теңгеден 83,96 теңгеге дейін өспек.
Электр энергиясының қымбаттауына орай Қостанай облысында "Затобольск жылу энергетикалық компаниясы" үшін сумен қамсыздандыру тарифтері белгіленген, сумен қамсыздандыру 2,1% өскен, су бұру - 3,5%. Халық үшін су тарифінің бағасы текшеметр үшін 139,82 теңгеден 142,77 теңгеге дейін қымбаттайды, канализация үшін - 107,69 теңгеден 111,47 теңгеге дейін.
Қарағанды облысында "Балхаш су" үшін 2013-2015 жылдарға тарифтердің шектеулі деңгейлері енгізілген, оның өсімі сәйкесінше сумен қамтамасыз ету 95,7% және канализация 90,5%. Халық үшін су тарифі 1000 литр үшін 63,2 теңгеден 123,7 теңгеге дейін артады.
Сонымен қатар, оның айтуынша, 1-тамыздан бастап Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында электр энергиясымен қамсыздандыру қызметінің бағасыз арзандамақ.

Астана. 26 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту