Қазақстан президенті Ұлттық банк төрағасы мен "ҚазМұнайГаз" жетекшісін қабылдады

размер шрифта: Aa | Aa
26.07.2013 15:56

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконы қабылдады, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.
Г.Марченко негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен валюталық рыноктағы жағдай туралы хабарлады.

"Елбасы қазіргі уақыттағы алтын валюталық резервтердің көлемін және отандық экономиканың даму қарқынын ескергенде ұлттық валютаның құнсыздануына негіз жоқ, Ұлттық банк бұрынғы режимде жұмыс істеуі керек деп атап өтті", делінген хабарламада.
Ұлттық банк төрағасы қаржылық рыноктың бүкіл сегменттері бойынша тұрақты өсім байқалуда, инфляция деңгейі 2012 жылдың шілдесінен бері биылғы жылдың шілдесіне дейін 5,9% құрады, бұл жоспарланған 6-8% деңгейден төмен, деп айтты.
Кездесу нәтижелері бойынша Н.Назарбаев қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету және экономика өсімінің қарқынын сақтау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Президент сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады, ол ұлттық компанияның бірінші жартыжылдықтағы қызметі және алдағы жоспарлары туралы айтып берді.
"Нұрсұлтан Назарбаев "ҚазМұнайГаз" отандық ірі компаниялардың бірі, елдің экономикасының дамуы көп жағдайда соған байланысты, деп атап өтті және технологиялық күрделі жобаларды жүзеге асыру үшін біліктілігі жоғары кадрларды дайындау қажеттілігіне назар аударды", делінген онда.

Астана. 26 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту