Еліміздің экономикасының дамуы көп жағдайда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның қызметіне байланысты - Н. Назарбаев

размер шрифта: Aa | Aa
29.07.2013 11:46
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

С.Мыңбаев ұлттық компанияның бірінші жартыжылдықтағы қызметінің қорытындысы туралы хабардар етті және таяу келешектегі жоспарлар туралы айтып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ отандық ірі компаниялардың бірі болып саналатынын, еліміздің экономикасының дамуы көп жағдайда оның қызметіне байланысты екенін атап өтті, сондай-ақ технологиялық күрделі жобаларды іске асыру үшін өзіміздің жоғары білікті кадрларымызды даярлау қажеттігіне назар аударды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат
Ключевые слова: «ҚазМұнайГаз»Мұнай-газҚазақстан Президенті
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту