Өмір мен өлім арасында...

размер шрифта: Aa | Aa
01.08.2013 14:47

Атырауда «ТШО» ЖШС-де өндірістік жарақат алған екі жұмысшының бірінің жағдайы халі мүшкіл. Шілденің 27-сінде сағат 16.00 шамасында Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне «Теңізшевроил» ЖШС-нің мердігері «ДенхолмЖолдас» компаниясының екі маманы 5 метрлік биіктіктен құлады деген ақпар түскен.

Сол күні таңертеңгі сағат 11.00-де жергілікті жұмысшылар 1977 ж.т Т.С. деген азамат пен  1966 ж.т .Ш.Б. есмді жігіт КТЛ-2 ТГПЗ қондырғысын монтаждап жатқан кезде құлаған. Бұлар алдымен «ТШО» компаниясының, кейін әуе кемесімен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Т.С есімді азамат жан сақтау бөлімінде, ес-түсіз жатыр. Ақ халаттылар өмірін сақтап қалу үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Ал Ш.Б деген азамат жабық түрде бас сүйек ми жарақаты және бел омыртқаның зақымданды деген диагнозбен нейрохирургия бөлімінде жатыр, жағдайы орташа, өміріне қауіп жоқ,- дейді Атырау облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары міндетін атқарушы Дәулен Елеуов.

          Қазір Атырау облысы мемлекеттік  еңбек инспекторы Сырым Жаббасов жазатайым оқиға болған жерді  тексеріп жүр. Жұмыс беруші мен онда бірге қызмет ететін жұмысшылармен сөйлесіп,  хаттама сауалнамалары толтырылады. Бұны Атырау облысы мемлекеттік  еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Салауат Ищай хабарлады. «Компания жазатайым оқиға болысымен біздің инспекцияға хабар беруі керек. Оқыс жағдай сенбі күні болып, жұмыс беруші компания өкілдері ол туралы дүйсенбі күні таңертең  хабарлады. Дереу еңбек инспекторы бөлініп,  тексеру басталып кетті.  10 күн ішінде толық белгілі болады,- деді ол. Сонымен қатар Салауат Ищай «қандай жағдайда да  бұл – жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамассыз етпеген жұмыс берушінің кінәсінен орын алған өндірістік жарақат» деген пікірде.  Жұмысшылардың бірі 2008, ал екіншісі 2012 жылдан бері қызмет ететін құрылыс сатыларын құратын мамандар. Екеуі де Атырау облысының тұрғыны.  Жұмыс беруші «ДенхолмЖолдас» ЖШС  бас директоры Гүлмайра Адаева, әзірге, қандай да бір ақпарат беруге ерте  екендігін ескертті. Қазір арнайы мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, солардың шешімін күтейік,- деді ол. Дегенмен облыстық аурухана дәрігерлерімен байланысып, қажетті медициналық қажеттіліктермен көмектесіп отырғанын айтты.

Айта кетейік, Атырау облысы бойынша  жыл басынан бері өндірісте 24 жазатайым оқиға тіркеліп, оның екеуі өліммен аяқталды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда сәл де болса көңіл көншітетін көрсеткіш, - дейді мамандар. Былтырғы жарты жылда 27 жұмысшы  қызметін атқару кезінде өндірістік жарақат алып, кезірінен 3 адам қаза тапқан еді.

 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту