Қашағанда жұмыс қысқарып, ТШО мен АМӨЗ қызметке қабылдап жатыр..

размер шрифта: Aa | Aa
01.08.2013 15:13

Қашаған жобасына  дайындық кезеңі аяқталуға жақын, бірақ бұл жұмыссыздықтың артуына себеп болды. Шілде айының басындағы статистика бойынша Қашаған жобасындағы теңіз кенішінде  3172 жұмысшы қызмет еткен, оның 1 600-дейі аралдағы мамандар.

Осы айдың өзінде 506 адам қызметінен қысқартылды. Ал тамызда 2016, қыркүйекте 50 жұмысшы жұмыссыздар қатарын толықтырмақ. Сөйтіп, жыл аяғына дейін 600 жұмысшының ғана  жоба аясындағы қызметі сақталады,- дейді «Аджип» компаниясының мәліметіне сүйенген облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Данагүл Досқалиева. Қысқарған жұмысшылар өндірісті өлкедегі өзге жобаларға тартылып жатыр.  Атырау облыстық әкімдігінің жыл басында қол жеткізген мемарандумы енді-енді нәтиже бере бастады. «Теңізшевройл» ЖШС өндіріс қуатын күшейту жобасына 2013-2015 жылдары 18 мың жұмыс орынын ашуды жоспарлады. Ішкі еңбек нарығына қажетті 3 мың адам қайта оқытуды қажет етеді. Жоба басталған жағдайда биылғы жылы 1600 адам жұмысқа орналастырылады. Осындай мемарандум аясында Атырау мұнай өндеу зауытында екі жобаны жүзеге асырып жатқан «Синопэк Инжиниринг» компаниясы қазірдің өзінде 580 адамды жұмысқа орналастырды, жыл аяғына дейін 460 адам жұмысқа қабылданады деген жоспар бар. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту