Шетелдік жұмыс күшін тарту азайып келеді..

размер шрифта: Aa | Aa
01.08.2013 15:14

Атырауда шетелдік жұмыс күшін тарту жыл санап, азайып келеді. Облыстағы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім меңгерушісі Хайдар Төлеуішевтың айтуынша, биыл 9 378 шетелдікке квота бөлінген. 

Әсіресе, Үндістан, Ұлыбритания, Италия, Венгрия секілді елдерден түрлі сала инженерлері шақырытылады.  Шетелдік жұмысшы күшіне аймақтағы 246 мекеме зәру. Әсіресе, екінші және үшінші санатқа жататын, яғни біліктілігі жоғары  мамандар мен басшылар.  Айта кетейік, Атырау мұнай өңдеу зауытын бастан-аяқ жөндеу мен қайта жаңғыртуды қолға алған бас мердігер «Синопек инженеринг» компаниясына шетелдік жұмысшыларды тарту үшін 2013 жылдың 29 наурызында бөлек №298 қаулы шығарарылды, оның негізінде 399 шетелдік жұмысшы тартуға рұхсат берілген. Әзірге  келгені 185 азамат. «Бұл өзге жылдармен салыстырғанда аз. 2012 жылы 13 595 шетелдік жұмысшы күші тартылған еді. Бұған аймақтағы ірі жобалардың аяқталуы себеп әрі қазақстандық мамандар біліктілігін артқанын көрсетсе керек, - дейді Хайдар Төлеуішев.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту