«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының алғашқы телімі 2013 жылдың қазанында пайдалануға беріледі - «ҚазМұнайГаз» АҚ

размер шрифта: Aa | Aa
01.08.2013 09:51
Үстіміздегі жылдың қазанында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының алғашқы телімі пайдалануға беріледі, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» АҚ басқармасы төрағасының м.а. Данияр Берлібаев «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компаниялары қызметінің І жартыжылдығының қорытындысына арналған кеңесте, деп хабарлайды primeminister.kz сайтынан.

«Биыл енгізуге тиіс алғашқы жоба - бұл «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының бірінші телімі. Бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр, 2013 жылдың қазанында бұл жобаны іске қосамыз. Қазір жұмыс кестеден ерте жүріп жатыр, барлық сынақтар өткізілді», - деді компания басшысының м.а. 

Үстіміздегі жылы «ҚазМұнайГаз» АҚ жалпы құны 1,4 млрд. доллар болатын 2 жобаны пайдалануға беруге тиіс еді - бұл «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының бірінші телімін іске қосу және Атырау қаласында ароматика өндіру бойынша зауыт құрылысы. 

Сонымен қатар, бірқатар себептерге қатысты екінші жоба - ароматика өндіру бойынша зауыт биыл пайдалануға берілмейді.  

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: «Самұрық Қазына» ҰӘҚ«ҚазМұнайГаз»ӨнеркәсіпМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту