Павлодар облысының делегациясы Башқұртстан Республикасында өткен бизнес-форумға қатысты

размер шрифта: Aa | Aa
02.08.2013 09:53

Өңір басшысы Ерлан Арын бастаған Павлодар облысы делегациясы Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Павлодарлықтар Башқұртстан сауда-өнеркәсіп палатасында өткен бизнес-форумға және «Ресей және Қазақстан: ынтымақтастықтың саяси-құқықтық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дәлелі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

БР президенті Рустэм Хамитовтің Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынмен кездесуінде машина жасау және металлургия, химия және мұнай химиясы, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларындағы инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Павлодар әкімдігі және Уфа әкімшілігі арасында сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық салаларда, мәдениетте, білім беру және спортта ынтымақтастықты дамытуға ниеттілігі туралы хаттамаға қол қойылды.

«Аймақаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін дамытуға алғашқы қадам жасалды, - деп атап айтты Е. Арын. - Башқұртстан мұнай химиясы және химия жобаларын іске асыруда жетекші орынға ие. Біз бүгін Павлодарда «Қазсода» ЖШС және «Башкирская химия» ААҚ арасында бірлесіп кальцийлендірілген сода зауытын салу туралы меморандумға қол қойдық. Бұл - құны жарты миллиард доллардай болатын ірі инвестициялық жоба. Біз үшін Башқұртстан ірі компанияларының тәжірибесі өте маңызды».

ПАВЛОДАР. 1 тамыз. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газПавлодар облысыЭкономикаҚазақстан және РесейӨнеркәсіпӘкім
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту