Мұнай және газ министрі Маңғыстау облысының бірқатар компанияларының жұмысымен танысады

размер шрифта: Aa | Aa
05.08.2013 13:39

 Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин 7-9 тамызда Маңғыстау облысына жұмыс сапармен барады, деп президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.

«Министр сапары барысында «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз» қызметімен танысады, битум шығаратын зауытты аралайды, «Құрық» портының инфрақұрылымымен танысады», - деп А.Әбибуллаев бүгін Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Сонымен қатар, министр 9 тамызда «Каспий теңізі биоресурстарын қорғаудың өзекті проблемалары» форумында баяндама жасайды.

Астана. 5 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту