ҚР ТЖМ Солтүстік Каспий мұнай төгілуіне қарсы экологиялық әрекет ету базасында пайдаланылмай жатқан аумақта құны шамамен 5 млрд теңге болатын инфрақұрылым құрылысы жобасын қолға алды

размер шрифта: Aa | Aa
11.08.2013 17:09
ҚР ТЖМ Солтүстік Каспий мұнай төгілуіне қарсы экологиялық әрекет ету базасындағы пайдаланылмай жатқан аумақта инфрақұрылым құрылысын салу туралы инвестициялық ұсыныс дайындап, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жолдады. Бұл туралы халықаралық экологиялық форумда ҚР ТЖМ төтенше жағдайлар мен өнеркәсіп қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Дәулет Бапы мәлім етті.

«2013 жылғы 27 маусымдағы Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту бойынша ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, Мұнай және газ министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» АҚ жалдау туралы келісімшарт жасау кезінде мұнай төгілуіне қарсы әрекет инфрақұрылымын құру үшін Солтүстік Каспий мұнай төгілуіне қарсы экологиялық әрекет ету базасының пайдаланылмай жатқан аумағын Төтенше жағдайлар министрлігіне беру мәселесін қарастыру тапсырылған болатын», -деп атап өтті ол.

«Инфрақұрылым құрылысы және Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай төгілуіне қарсы әрекет ету қондырғыларын алу жобасының құны 4 млрд 782 млн теңгені құрайды», - деді Д.Бапы.

АҚТАУ. 10 тамыз. ҚазАқпарат

Ключевые слова: КаспийМаңғыстау облысыМұнай-газҚР ТЖМЭкологияЭнергетика
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту