Қазақстан қаңтар-шілде айларында мұнай өндірісін 3,6%-ға арттырды

размер шрифта: Aa | Aa
14.08.2013 10:11

Қазақстанда 2013 жылы қаңтар-шілде айларында 40,408 млн тонна шикі мұнай мен 7 млн 10,8 мың тонна газконденсатын өндірді, бұл 2012 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 3,6%-ға артық және 5,5%-ға кем, деп статистика жөніндегі агенттік мәлімдеді.


Есепті кезеңде республикада 24,348 млрд текше метр табиғи газ өндірілді.
Оның ішінде газ түріндегі табиғи газ 11 млрд 624,3 млн текше метр, оның тауарлық шығарылымы 6 млрд 463,7 млн текше метрді құрады. Есепті кезеңде мұнайды ілеспе газ өндірісі 12 млрд 723,7 млн текше метрді құрайды.

Алматы. 14 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту