Қызылорда облысында мұнай өнімдерін заңсыз саудалаған қылмыстық топ мүшелері ұзақ жылдарға бас бостандығынан айырылды

размер шрифта: Aa | Aa
16.08.2013 13:28

Қызылорда облысында мұнайды заңсыз сатқан қылмыстық топ жетекшісі мен топтың үш мүшесі әр түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.
Облыстық қаржы полициясы департаменті хабарлағандай, олардың әр қайсысына 5 жылдан 8 жылға дейін жаза кесілді.

Полиция дерегіне сүйенсек, 2010-2011 жылдары аталған қылмыстық топ жалпы құны 1,4 млрд теңге болатын мұнай өнімдерін ешбір құжатсыз сатып алған және сатқан.
Сонымен қатар, қылмыстық топ табысын қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында «Стандарт Контракт Компани», «Оңтүстік Азия Трейд» және «ГалАйдГрупп» ЖШС сынды жалған кәсіпорындар ашқан. Салық пен міндетті төлемдерден жалтарған олар аталған уақытта мемлекетке 657,8 млн теңге шығын келтірген.

Қызылорда. 16-тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту