ҚазТрансГаз жыл сайын Қашағаннан бүкіл газды сатып алып отыратын болады - жылына 3 млрд текшеметрге дейін

размер шрифта: Aa | Aa
19.08.2013 12:56

Қазақстанның газбен қамсыздандыру саласының ұлттық операторы "ҚазТрансГаз" 2042 жылға дейін қашағандық газдың бүкіл көлемін сатып алып отыратын болады.

Мұндай шарттар дүйсенбіде Астанада "ҚазТрансГаз" бен Солтүстік –Каспийлік жоба бойынша өнімді бөлісу жөніндегі келісімге - Agip Caspian Sea B.V., Inpex North Caspian Sea, Shell Kazakhstan Development B.V., KMG Kashagan B.V., ExxonMobil Kazakhstan, Total, ConocoPhillips сияқты мердігерлік компаниялар қол қойған сатып алу туралы келісімшартта көзделген.
"Қол қойылған келісімшарттың шарттарына орай "ҚазТрансГаз" 2042 жылға дейін, яғни өнімді бөлісу туралы келісімнің мерзімі аяқталғанға дейін қашағандық газдың бүкіл көлемін сатып алып отыратын болады".
"Қашағаннан тауарлы газдың жеткізілуі қазақстандық газдың мөлшерін шоғырландыруға, Қазақстанның табиғи газға деген ішкі сұранасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", деді қол қою рәсімі кезінде "ҚазТрансГаздың" бас директоры Серік Сұлтанғали.
Қашаған кен орнын Солтүстік-Каспийлік жоба шеңберінде North Caspian Operating Company игеруде, акционерлері Agip Caspian Sea B.V. (16,81%), KMG Kashagan B.V. (16,81%), ConocoPhillips North Caspian Ltd. (8,4%), ExxonMobil Kazakhstan Inc. (16,81%), Inpex North Caspian Sea Ltd. (7,56%), Shell Kazakhstan Development B.V. (16,81%) және Total EP Kazakhstan (16,81%).
Қазақстан бұл кен орнының игерілуіне үлкен үміт артып отыр.

Астана. 19 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту