«ҚазТрансГаз» шетелдік компаниялармен Қашағанның газын сату-сатып алу туралы келісімшарт жасасты

размер шрифта: Aa | Aa
20.08.2013 14:00
Бүгін Астанада «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы мен Солтүстік Каспий жобасына қатысушы шетелдік компаниялар арасында Қашағанның газын сату-сатып алу туралы келісімшартқа қол қойылды.

Аталған құжатқа сәйкес, «ҚазТрансГаз» компаниясы Қашаған кен орнында бірінші кезеңде өндірілетін барлық газды сатып алады. Бірінші кезеңнің мерзімі 2042 жылы аяқталады. Жоспарға сәйкес, Кашағанда жыл сайын 2,5-3 млрд. текше метр газ өндіріледі.

«Осының арқасында біз елдің ішкі сұранысын газбен толығымен қамтамасыз етіп, қалған өнімді шетелге шығара аламыз», - дейді «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясының бас директоры Серік Сұлтанғали.

Оның айтуынша, газдың 70 пайызы елдің ішкі қажеттеліктеріне жұмсалса, қалған 30 пайызы экспортқа шығарылады.

 АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Мұнай-газ«ҚазМұнайГаз»
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту