«Petrоfak Limited» компаниясы ескі мұнай кен орындарына қызығушылық танытады

размер шрифта: Aa | Aa
21.08.2013 08:56

Бұл туралы Атырау облысы әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов  пен аймақта соңғы 8 жылдан бері  қызметін жүзеге асырып келе жатқан «Petrоfak Limited» компаниясы өкілдері кездесуінде белгілі болды. Мұнай-газ  секторына қызмет көрсететін британдық сервистік компания  Қашаған жобасына да қомақты үлес қосып үлгерген.

Кездесуде Шығыс Еуропа, Каспий аймағы және Ресей елдері бойынша компанияның  вице-президенті Джон Андерсон мен бизнесті дамыту жөніндегі вице-президент Джонатан Поппер компанияның негізгі қызметі туралы айтып берді. Шетелдіктердің осы жолғы іс сапарының мақсаты инвеститциялауға ұсыныс жасау болатын, сондықтан олар «ЕмбіМұнайГаз» акционерлік қоғамы өкілдерімен бірлесе келген. Кен орындарындағы жұмысты бағалаған компания  мамандары ұзақ жылдар бойы қолданылып келе жатқан ескі мұнай кен орындарын пайдалану мерзімін ұзартып қана қоймай, мұнай өндіру көлемін да арттыруға болатынына сенімді.

20 августа. корр. kazenergy.com


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту