Таиланд Қазақстанмен энергетика саласында ынтымақтасуға ниетті

размер шрифта: Aa | Aa
21.08.2013 10:34
Қазақстан Республикасының Таиландтағы елшісі Марат Есенбаев Таиланд Корольдігінің энергетика министрі Понгсак Руктапонгписалмен кездесіп, кездесу барысында энергетика саласындағы қазақстан-тай ынтымақтастығының келешегін талқылады.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

М.Есенбаев ведомство басшысын Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуынан, елдің мұнай-газ саласы ахуалынан, атом және көмір өнеркәсібінің жағдайынан ақпараттандырды. Сондай-ақ «Қазақстан - 2050» Стратегиясының негізгі бағыттарымен, ҚР-дың «жасыл» экономикаға өту стратегиясымен және үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасымен таныстырды.

Кездесу барысында Қазақстан дипломаты министрлік басшысын VIII «KAZENERGY» Еуразиялық форумы (8-9 қазан) және 21-ші қазақстандық халықаралық «Мұнай және газ»  көрмесінің (1-4 қазан) жұмысына қатысуға шақырды.

И.Руктапонгписал өз кезегінде Таиланд Үкіметі Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын мәлімдеді. Ол серіктестіктің жекелеген бағыттары бойынша екі елдің әлеуеті қазіргі уақытта толық пайдаланылып отырған жоқ деп атап айтты.

Министр Қазақстанда жылу электр станцияларын салуға инвестициялар бөлуге қызығушылық танытты. Оның пікірінше, еліміздің қолайлы географиялық орналасуы артылған энергияны көрші мемлекеттерге экспорттауға мүмкіндік бере алады. Бұл әлеуетті тай инвесторлары үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

Кездесу қорытындысы бойынша, инвестициялар салу мүмкіндігі және екіжақты энергетикалық ынтымақтастық мәселелері жөнінде тиісті кездесулер мен келіссөздер өткізу үшін тай министрінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндіктерін әрі қарай талқылау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: ИнвестицияларМұнай-газЭнергетикаҚР СІМҚазақстан және Азия елдеріҚазақстанның сыртқы саясаты
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту