Индонезия Дүниежүзілік мұнай конгресін 2017 жылы Астанада өткізу туралы Қазақстанның өтінімін қолдауға уәде берді

размер шрифта: Aa | Aa
22.08.2013 10:35
Қазақстан мен Индонезия екі елдің үкіметаралық бірінші отырысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Қазақстандық тарап индонезиялық әріптестерін Дүниежүзілік мұнай кеңесі жанындағы Қазақстан Ұлттық комитеті 2017 жылы Астана қаласында Дүниежүзілік мұнай конгресін өткізуге өтінім бергені туралы хабардар етті.

Бұл туралы ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Индонезия тарапы осы іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтіп, сонымен қатар Калгари (Канада) қаласында қазан айында Бүкіләлемдік мұнай кеңесінің дауыс беруінде Астананы қолдау мәселесі бойынша Индонезияның Ұлттық комитетімен келіссөздер жүргізуге дайын екендігін білдірді»,-деп атап өтті ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуандық Құлмұрзин.

Бүгін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың басшылығымен қазақстандық делегация сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан мен Индонезия арасында келіссөздер жүргізеді.

АСТАНА. 21 тамыз. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газЭкономикаҚР Мұнай және газ министрлігіҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіҚазақстан және Азия елдері
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту