KEGOC компаниясы Қазақстан мен Қырғызстан арасында құны 32 млрд теңгелік электр тарату желісін тартуды көздеп отыр

размер шрифта: Aa | Aa
23.08.2013 17:34

«KEGOC» АҚ жалпы құны 32 млрд теңгелік «500 кВ Қазақстан-Қырғызстан мемлекетаралық электр тарату желісін салу» жобасын жүзеге асырмақ.
Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір жоба бастапқы сатыда тұр. Компания электр желісін тартатын мердігерді таңдау үшін арнайы тендер өткізіп, халықаралық қаржы ұйымдарынан заем алады. Жобаға бөлінетін қаржының бір бөлігі KEGOC компаниясының бюджетінен алынады.
Жоспар бойынша жоба 2013-2018 жылдары жүзеге асырылмақ.

Жоба Қазақстан мен Қырғызстан энергожүйелерінің, еліміздің оңтүстігіндегі үш облысын қамтамасыз етіп отырған электр желілерінің сенімділігін арттырып, Қазақстанның энергожүйесіне қосымша экспорттық, импорттық және транзиттік мүмкіндіктер береді», - делінген хабарламада.
Жалпы ұзындығы 400 шақырымдық электр тарату желісін салынып жатқан Балқаш ЖЭС-ынан Қырғызстан шекарасына дейін тарту көзделген. Ол Алматы және Жамбыл облыстарының аумағынан өтеді.

Алматы. 23-тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту