Кім кінәлі? Атырауда халық мекен ететін аумақта ауаға көмірсутектің шамадан тыс мөлшерде жайылғаны анықталды

размер шрифта: Aa | Aa
26.08.2013 15:27

Тамыздың  ортасында  Атыраудағы атмосфералық ауаның жай-күйін анықтайтын автоматтық бекеттердің  газанализаторлары экологияда өзгеріс барын анықтады.

Нақтырақ айтсақ, Атырау Мұнай Өңдеу Зауытының санитарлық-қорғаныс аумағы шекарасындағы Химиктер ауылында және зауыттың солтүстік-шығыс бағытындағы жуып-шаю бекеті маңындағы ауада күкіртті сутектің тұрғындар үшін шектік рұқсат етілген мөлшерден артық екендігі тіркелді (0,008 мг/м3). Ластау көздері, әзір, табылған жоқ. Дегенмен атырау мұнай өңдеу зауытының өкілдері бұл дерекке өндщіріс орнының ешқандай қатысы жоқ,- деп  отыр. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Есенова былай дейді: Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы 2 тамыздан бастап бастан-аяқ жөнделетіндіктен тоқтатылды. АВТ-3 мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысы, бензин және дизель отынын гидротазарту құрамдастырылған қондырғысы, каталитикалық риформинг, сутек өндіру, күкірт өндіру қондырғыларындағы жұмыс уақытша кідіртілді. Бұл шешемді жабдықтардың  техникалық жай-күйін анықтап, қалпына келтіру, бөлшектерді алмастыру үшін қажет болғандықтан шығардық. Сондықтан осы аралықта зауыт тарапынан қоршаған ортаға эмиссия жүргізілген жоқ». Ал экологтар қазір мәселенің мән-жайын анықтап жатыр.

 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту