ҚМГ БӨ «Үздік маман» атағы үшін кәсіби шеберлік конкурсын өткізеді

размер шрифта: Aa | Aa
27.08.2013 10:32
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес тәуелді және бірлескен ұйымдары қызметкерлерінің арасында кезекті «Үздік маман» атағы үшін кәсіби шеберлік конкурсын өткізеді, деп хабарлады компаниядан.

Конкурс 26-27 тамыз аралығында Қызылорда облысындағы Ақшабұлақ кен орнында өткізіледі және Қазақстан Республикасының Мұнайгаз кешені қызметкерлерінің күніне, сондай-ақ «ҚазГерМұнай» БК ЖШС-ның 20-жылдық мерейтойына орайластырылған.

Конкурсқа ҚМГ БӨ-нің: «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС еншілес ұйымдары мен бірлескен кәсіпорындарының 39 қызметкері қатысады. Конкурстық тапсырмаларды орындау үшін Ақшабұлақ кен орнында арнаулы жұмыс алаңдары, жабдықтар мен керек-жарақтар дайындалған.

Конкурс 10 мамандық бойынша өткізіледі: мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор, ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор, мұнай дайындау жөніндегі оператор (тауарлық оператор), қабаттық қысымды ұстау жөніндегі оператор, мұнай кәсіпшілігін жөндеу жөніндегі слесарь, газ-электрмен дәнекерлеуші, токарь, электр монтері, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөніндегі слесарь, химиялық талдау зертханашысы. Конкурс теориялық және практикалық бөліктерден тұрады. Нәтижелерді бағалау кезінде комиссия конкурсқа қатысушылардың еңбектің алдыңғы қатарлы үлгілері мен әдістерін пайдалануына, қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау ережелерін сақтауына, практикалық тапсырмаларды белгіленген мерзімде сапалы орындауына, сондай-ақ теориялық дайындығына ерекше көңіл бөледі.

Әр мамандық бойынша конкурстың жеңімпаздары «Үздік маман» медалімен, ақшалай сыйақылармен марапатталады, сондай-ақ тұрмыстық және ұйымдастыру техникаларын сатып алу сертификаттарын алады. Бірінші, екінші және үшінші орын алған конкурстың қатысушылары бір жыл бойы өз жалақысына тарифтік ставканың 30%, 20%, 10% мөлшерінде үстеме ақы алатын болады.

Конкурстық іс-шаралармен қоса, қатысушылар үшін ауқымды мәдени бағдарлама да көзделген. Атап айтқанда, конкурсанттар Қызылорда қаласының көрікті орындарымен таныспақ, облыстық өлкетану мұражайын тамашалап, Қорқыт Ата ескерткішіне, Сыр Ана мемориалына, Президент саябағына бармақ,

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: «ҚазМұнайГаз»Мұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту