2014-2018 жылдары Қазақстанда экономикалық өсім 6-7,1 пайызды құрамақ – Экономика министрлігі

размер шрифта: Aa | Aa
28.08.2013 11:25

2014-2018 жылдары Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 6-7,1 пайыз артпақ. Бұл туралы еліміздің Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«2014-2018 жылдары ІЖӨ өсімі 6-7,1 пайызды құрайды деген болжам жасалып отыр», - деді ол үкіметтің сәрсенбідегі отырысында Қазақстанның 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жобасымен таныстыру барысында.
«Экономикалық өсім индустриалды-инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларға салынатын инвестиция көлемінің артуы, Қашаған кенішіндегі мұнайдың игерілуі мен халық тарапынан сұраныстың артуы есебінен қамтамасыз етілмек», - деп қосты министр.
Оның айтуынша, алдағы үш жылда сауда-саттық 9,8%, көлік және байланыс қызметі 7% артпақ.
«2014 жылы тауар экспорты биылғы жылмен салыстырғанда 4,2% артады деген болжам бар. (...) Ал, мұнай экспорты артады деген болжам негізінде 2015 жылдан бастап тауар экспорты 8,7%-ға өседі», - деді Е.Досаев.

Астана. 28-тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту