
Экономика министрлігі 2016 жылы Ұлттық қордағы қаржы 122,1 млрд теңгеге жетеді деген болжам жасап отыр
размер шрифта: Aa | Aa |
28.08.2013 11:26 | ||
2016 жылы Ұлттық қор активтері 122,1 млрд теңгеге жетпек. Бұл туралы еліміздің Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті. «Болжам бойынша, мұнай секторынан түсетін салықтың арқасында Ұлттық тқордағы ақша 2016 жылы 122,1 млрд теңгеге жетуі тиіс», - деді ол үкіметтің сәрсенбідегі отырысында Қазақстанның 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жобасымен таныстыру барысында. Астана. 28-тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН
|