2018 жылы мұнай өндіру көлемі 110 млн. тоннаға жетеді - Үкімет отырысы

размер шрифта: Aa | Aa
02.09.2013 10:03
 2018 жылы мұнай өндіру көлемі 110 млн. тоннаға жетеді. Бұл туралы бүгін 2014-2018 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына арналған Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Мұнай және газ министрлігінің болжамы бойынша 2014 жылы мұнай өндіру көлемі 83 млн. тоннаны құрайды. Ал одан кейінгі мерзімде оның деңгейі арта отырып, 2018 жылы 110 млн. тоннаға дейін жетеді», - деді министр.

Сонымен қатар ол қызмет көрсету саласы қарқынды дамитындығын атап өтті. Сауда көлемінің өсімі 9,8 пайызды құрайды, ал көлік және байланыс қызметтері орташа алғанда 7 пайызға артады деп күтілуде.


АСТАНА 28 тамыз. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: ЭкономикаМұнай-газҚР Үкіметі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту