«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Кей Си Казак Би. Ви» Корея консорциумы Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Жамбыл учаскесінде бірінші барлау ұңғымасының бұрғылау нәтижелері туралы хабарлады

размер шрифта: Aa | Aa
02.09.2013 10:06
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Кей Си Казак Би. Ви» Корея консорциумы Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Жамбыл учаскесінде бірінші барлау ұңғымасының бұрғылау нәтижелері туралы хабарлады, делінген ҚМГ-ның ресми сайтында.

Үстіміздегі жылдың мамыр мен тамыз айлары аралығында аталмыш компаниялар «Жамбыл» (ZB-1) құрылымында 2 200 метр тереңдікте бірінші барлау ұңғымасының бұрғылау жұмыстарын жүргізді. Бұрғылау жұмыстарын ұйымдастырумен «Жамбыл Петролеум» операциялық компаниясы айналысты. Бұрғылау жұмыстарын тікелей жүргізген - халықаралық стандарттар бойынша сертификат алған «Теңіз Бұрғылау» ЖШС-і. Бұл мердігер кәсіпорын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 100 пайыз еншілес кәсіпорыны болып табылады.

Бұрғылау қорытындысы бойынша орта мерзімдік шөгінділерден мұнай мен газдың перспективалық нысандары табылды. Аталған нысандарды сынау кезінде жақсы көрсеткіштер алынды.

Нысандарды сынау аяқталды.

«Жамбыл» құрылымында барлау ұңғымасының бұрғылау жұмыстары екі компания арасындағы келісім-шартқа байланысты осы құрылымда геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жасалған «Каспиан Эксплорер» жаңа теңіз бұрғылау қондырғысымен жүргізілді. Қондырғыны жасауда бірінші рет Құрық портындағы (Маңғыстау облысы) қазақстандық компания «Ерсай Каспиан Контракторс» ЖШС-інің өндірістік қуаттылығы пайдаланылды.

Бұрғылау жұмыстары кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамаларының барлық нормалары, сондай-ақ халықаралық озық тәжірибенің нормалары да қатаң сақталды.

ҚМГ мен кореялық компания Жамбыл учаскесінде геологиялық-барлау жұмыстарын жалғастырады. Жамбыл құрылымында 3D сейсмикалық-барлау зерттеулері және «Жетісу» (ZT-1) құрылымында барлау ұңғымасын бұрғылауды жоспарлап отыр.

АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: «ҚазМұнайГаз»
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту