Атырау облысында мұнай компаниясы 160 орынға арналған балабақша салды

размер шрифта: Aa | Aa
03.09.2013 10:07
Атырау облысында Конституция күні қарсаңында «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясы (НКОК) 160 орынға шақталған балалар бақшасын тапсырды.

Жаңа мектепке дейінгі мекеме бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Мақат ауылында салынған. Бұл бүтіндей бір кешен: балалар бақшасының жеке қазандығы, толымды трансформаторлы кіші стансасы, төбесі қалқаланған тоғыз балалар ойнайтын алаңы бар.

«Біздің мақаттықтарға тапсырған әлеуемттік-нифрақұрылымдық жобамыз өңір халқының ең маңызды бөлігі - балаларға пайдалы екеніне қуаныштымын. 3 пен 7 жас аралығындағы 200-ге жуық бала осы бала бақшаға келеді, мұнда олардың толыққанды дамуы үшін қажетті барлық жағдай жасалған», - деді балалар мекемесін пайдалануға салтанатты тапсыру кезінде «НКОК» компаниясының сыртқы байланыс жөніндегі директоры Пьер Дельпон.

АТЫРАУ. 30 тамыз. ҚазАқпарат

Ключевые слова: БілімАтырау облысыКонституцияМұнай-газӘлеуметтік қолдау
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту