Әйелдер көшбасшылығы - KAZENERGY қауымдастығының басты назарында.

размер шрифта: Aa | Aa
04.09.2013 09:36

Елдегі мұнай-газ секторы компанияларындағы әйелдердің көшбасшылығын дамыту, гендерлік теңдік түйткілдері ертең 04.09.2013 ж. KAZENERGY қауымдастығында сағат 15:00 өтетін (Норвегия тәжірибесіндегі) «Әйелдер көшбасшылығы» атты дөңгелек үстелде талқыланбақ. 

  Дөңгелек үстел жұмысына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, Қазақстандағы Норвегия Елшілігі мен KAZENERGY қауымдастығына мүше компаниялардың өкілдері қатысады деп жоспарланған. ҚР Президентінің Кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі мен отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова мен Қазақстан Республикасындағы Норвегияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Оле Йохан Бёрной жиынға алғы сөздерін айтады.  

 KAZENERGY қауымдастығының баспасөз қызметі 

+7 (7172) 790181, 790199

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту