«Қазақстан-Қытай» мұнай құбырының өткізу қуаттылығы жылына 20 млн. тоннаға дейін жетеді

размер шрифта: Aa | Aa
04.09.2013 14:51

 Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары бірқатар халықаралық келісімдерді жұмысқа алды.

Атап айтқанда, Мәжіліс «Қазақстан мен Италия Республикасының үкіметтері арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға Италия Республикасы Қарулы Күштерінің қатысуына байланысты Қазақстан аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын, сондай-ақ «Қазақстан мен Қытай арасындағы «Қазақстан - Қытай» мұнай құбырын дамыту және пайдалану кезіндегі ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын өндіріске алды.

Бірінші келісімнің мақсаты Ауғанстанды тұрақтандыру мен қалпына келтіру бағытында аталмыш елге жәрдемдесу болып табылады. Келісім бойынша Қазақстанның аумағы арқылы Италияның әскери мүлкі мен персоналы транзитінің өту тәртібі айқындалады.

«Ал «Қазақстан-Қытай» мұнай-құбырына қатысты үкіметаралық келісімнің негізгі мақсаты - қазақстандық мұнайдың тұрақты түрде және жылына өткізу қуаттылығын 20 миллион тонна жеткізіліп тұруын қамтамасыз ету. Бұған орай, оны іске асыру мен дамыту тетіктері, шарттары қарастырылады. Сонымен қатар Қытай бағытына мұнай жеткізуде қазақстандық жүк тасымалдаудың барлық жағдайын жасауды қарастыру көзделеді», - дейді Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев.

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Қазақстан және ҚытайМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту