НКОК компаниясы тұрмысы төмен отбасылардың балаларына мектепке арналған құрал-жабдықтарымен бірге 200 оқушы сөмкесін тапсырды

размер шрифта: Aa | Aa
05.09.2013 14:53
«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясы жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» іс-шарасына қолдау көрсетті және жергілікті билікпен бірге Ақтау және Форт-Шевченко қаласының әрқайсысында ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырып, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына мектепке арналған құрал-жабдықтарымен бірге 200 оқушы сөмкесін тапсырды.

НКОК қалыптасқан дәстүр бойынша консорциумның демеушілік және қайырымдылық бағдарламасының міндеттемелерін орындай отырып, Ақтау қаласының білім беру бөлімі ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздарын сыйлықтармен және жүлделермен қамтамасыз етті. Байқаулар үш аталымда - «Ақтау - менің сүйікті қалам» атты суреттер байқауы, «Қара жорға» би байқауы және «Толағай» отбасылық спорт жарыстары бойынша өтті.

20-дан астам мектеп оқушылары суретшілер байқауына қатысты. Олардың 2-еуі - Ақтау қаласы № 5 орта мектебінің оқушысы Даниал Саттар және № 9 мектептің оқушысы Біләлдин Әбдіуәли I орынға лайық деп танылды, тағы 2 оқушы II орынды бөлісті, 5 оқушы - III орынды алды. Тағы 11 оқушы ынталандыру жүлдесіне ие болды. Отбасылық-спорт сайыстарында № 13 және 14 мектептердің отбасылары жеңіске жетті. Би байқауында Ділназ Мирасқызы үздік атанды. Бір де бір қатысушы сыйлықсыз қалмағанын атап айту керек.

Форт-Шевченкода НКОК компаниясы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы білім беру бөлімімен бірге «Болашақты бірге жасаймыз» ойын-сауық іс-шарасын және «Мен мектепке барамын» ұранымен 6 жастағы балалар мен олардың ата-аналары арасында жарыстар өткізді.

«НКОК компаниясы өзінің әлеуметтік, бірлескен және экологиялық міндеттемелеріне байыппен қарайды және ұзақ жылдар бойы Атырау және Маңғыстау облыстары, сондай-ақ, ел халқының игілігіне қызмет ететін әлемдік деңгейдегі жобаларды жүзеге асырып келеді. Балаларға мектепте жақсы бағаға оқуын, ал олардың оқытушыларына жемісті еңбек тілеймін», - деді бірінші сынып оқушыларына мектепке арналған құрал-жабдықтарымен бірге оқушы сөмкелерін тапсыра отырып, НКОК компаниясының аймақтық директоры Рүстем Ілиясов.


  АҚТАУ. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Маңғыстау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту