Шымкент МӨЗ бюджетке 3 млрд теңгеге жуық салық төлеуден жалтарған

размер шрифта: Aa | Aa
05.09.2013 16:47

Шымкенттегі «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-не қарасты мұнай өңдеу зауыты 2 млрд 916 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтарды деп айыпталып отыр. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы полициясы департаментінен хабарлады.

«Шымкент МӨЗ қызметкерлері 2005 жылдан 2010 жылдың бірінші тоқсаны аралығында салық декларациясына бұрмаланған мәліметтер енгізген. Салдарынан «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мемлекетке орасан зор көлемде шығын келтіріп, 2 млрд 916 млн теңгеден астам салық төлемеген», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Шымкент. 5-қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту