«KAZENERGY» қауымдастығы «EnergyFocus» сарапшылар бюросымен бірлесе отырып, 2013 жылы қыркүйектің 6-ы мен қазанның 1-і аралығында қазақстандық корпоративтік басылымдар арасында «ENERGYTRIBUNE 2013 жылғы үздік копоративтік медия» байқауын жариялады

размер шрифта: Aa | Aa
06.09.2013 18:32

Астана, Қазақстан 06.09.2013 - «KAZENERGY» қауымдастығы «EnergyFocus» сарапшылар бюросымен бірлесе отырып, 2013 жылы қыркүйектің 6-ы мен қазанның 1-і аралығында қазақстандық корпоративтік басылымдар арасында «ENERGYTRIBUNE 2013 жылғы үздік копоративтік медия» байқауын жариялады. Байқаудың мақсаты – корпоративтік  баслымдар саласындағы ең тиімді жобаларды атап, мұнай-газ және энергетика саласындағы медияиндустрияның дамуына септігін тигізу. Байқауға ҚР аумағында шығарылатын, мұнай-газ бен энергетика тақырыптарына қалам тербейтін барлық мамандандырылған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.

 БАЙҚАУ АТАЛЫМДАРЫ:

МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМ:
Корпоративтік Медия. Ішкі корпоративтік газет
Корпоративтік Медия. Ішкі корпоративтік журнал
Корпоративтік Медия. Салалық БАҚ
АРНАЙЫ АТАЛЫМДАР:
«Қанат қақты»
 «Үздік аймақтық корпоративтік медия»
«Мұнай компаниясындағы үздік корпоративтік журнал»
«Мұнай саласының үздік басылымы»
 «Үздік ньюслеттер/бюллетень»
«Үздік ақпараттық портал»

Байқаудың өткізілу мерзімі: 6 қыркүйек 2013 – 1 қазан 2013 ж.ж.

Байқаудың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Астанада 2013 жылы қазанның  8-9 күні VIII Еуразиялық KAZENERGY энергетикалық форумы аясында KAZENERGYSHOWROOM алаңында өткізіледі. Жеңімпаздар диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқау қорытындысы KAZENERGY журналы мен www.kazenergy.com. сайтында жарияланады.

Байқауға қатысу мәселелері бойынша KAZENERGY қауымдастығының баспасөз қызметіне тел. +77172790199, 87783549747 (Ғазиз) хабарласуларыңызды өтінеміз.

Email:  Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

KAZENERGY қауымдастығының
Баспасөз қызметі
+77172790181, 790199
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту