KAZENERGY қауымдастығы атты VІІІ Еуразиялық KAZENERGY Форумы аясында табысты жобаларды ілгерілетіп, компанияның беделін нығайта түсуді көздейтін «KAZENERGY SHOW ROOM» жобалар байқауын жариялайтынын хабарлайды

размер шрифта: Aa | Aa
06.09.2013 19:26

 Астана, Қазақстан, 06.09.2013 - KAZENERGY қауымдастығы «Болашақтың қуаты – Еуразиядағы тың мүмкіндіктер» атты VІІІ Еуразиялық KAZENERGY Форумы аясында табысты жобаларды ілгерілетіп, компанияның беделін нығайта түсуді көздейтін «KAZENERGY SHOW ROOM» жобалар байқауын жариялайтынын хабарлайды. Ол төмендегі үш бағытты қамтиды:

  1. 1)SocialResponsibilityPrize – корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы үздік жобалар;
  2. 2)FutureEnergyPrize – жаңа технологиялар, инновациялар мен энерготиімділікті арттыру, соның ішінде жаңғыртымды қуат көздері, дәстүрлі энергетикада инновациялар мен тың технологияларды қолдану және энерготиімділік пен қуатүнемдеуді арттырудың озық тәжірибелері саласындағы үздік жобалар;
  3. 3)EnvironmentalSafetyPrize – қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік тәжірибелер.

Үздік жобалар қазанның 8-і мен 9-і күндері VІІІ Еуразиялық KAZENERGY Форумы аясындағы «KAZENERGY SHOW ROOM» алаңында таныстырылады.

Байқауға қатысам деушілерге өтініш қабылдау тамыздың 26-сы басталғанын 2013 жылы қыркүйектің 10-ы күні аяқталатынын ескертеміз.

Байқау жобалары туралы ереже, «KAZENERGY SHOW ROOM» қатысу шарттары туралы толымды ақпаратты Форум сайтынан www.kazenergyforum.com таба аласыздар.

VІІІ Еуразиялық KAZENERGY Форумы – Қазақстанның мұнай-газ және энергетика саласына арналған жылдың басты оқиғасы. Жыл сайын форум халықаралық қауымдастық, соның ішінде жоғары лауазымды ресми тұлғалар, ұлттық және трансұлттық компаниялардың топ-менеджерлері, халықаралық энергетикалық ұйымдар, дипломатиялық өкілдік, түрлі зерттеу мен саралау орталықтарының ерекше қызығушылығын тудырады.

KAZENERGY қауымдастығының
Баспасөз қызметі
+77172790181, 790199
Email: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту