9 қыркүйекте Қашаған кен орнынан мұнай өндіріле бастауы мүмкін

размер шрифта: Aa | Aa
09.09.2013 09:35
Дүйсенбі, 9 қыркүйек күні Каспий қайраңындағы Қашаған кен орнынан мұнай өндіріле бастауы мүмкін. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің құрылтайшылық отырысынан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев БАҚ өкілдеріне мәлім етті.

«Өндіру бүрсүгіні басталады деп күтудеміз», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында Атырау облысына сапарлаған ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин аталған жобаның даярлығы 98 пайызды құрайтындығын атап өткен еді. «Мұнай жөнелтілетін аралдардың даярлығы жағдайын қарап көрдік. Өндіруді қазанда бастауға үміт бар. Бұдан бұрын болса, тіпті жақсы. Соның барлығын тоғыстырып, жіті жұмыс жасау, ешбір қателіктерге ұрынбай, бірде-бір рет те мұнай ағып кетуін болдырмауымыз қажет. Сондықтан да жауапкершілік өте жоғары. Асығыстыққа жол бермеу қажет. Сонымен бірге мердігерлердің де өте белсенді жұмыс жасап жатқанын көріп отырмыз. Жабдықтарды сынақтан өткізу нәтижелері көңілге сенім ұялатады. Биылғы жыл біз үшін табысты болады, деген сенім бар», - деген еді Ұ. Қарабалин.

АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: «ҚазМұнайГаз»Мұнай-газҚР Мұнай және газ министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту