Қытайдың CNPC компаниясы Қашағанның 8,33% акциясын сатып алады

размер шрифта: Aa | Aa
09.09.2013 09:37
Қытайдың CNPC мұнай компаниясы мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Қашаған кен орнының акциясын сатып алу жөнінде келісімшартқа қол қойды.

Бұл туралы бүгін Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің құрылтайшылық отырысынан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«Біз екі құжатқа қол қойдық. Біріншісі - ҚМГ мен CNPC ынтымақтастығының бағдарламасы. Екіншісі - Қашаған бойынша келісім. Барлық процедуралар аяқталған соң қытайлық тарап 8,33 % акцияның иегері атанады. Келісімнің бағасы - шамамен 5 миллиард», - деді Сауат Мыңбаев.

АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат

Ключевые слова: «ҚазМұнайГаз»Мұнай-газҚазақстан және Қытай
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту