Құлыбаев Қазақстан кәсіпкерлері Ұлттық палатасы төралқасының басшысы болды

размер шрифта: Aa | Aa
10.09.2013 09:21

Тимур Құлыбаев Қазақстан кәсіпкерлері Ұлттық палатасы төралқасының төрағасы болып сайланды.
Т.Құлыбаев ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, ол Kazenergy қазақстандық қауымдастықтың бастығы және"Атамекен" одағы ұлттық экономикалық палата төралқасының төрағасы, 2011 жылдан бері "Газпром" директорлар кеңесінің құрамында.

Қазақстан кәсіпкерлері Ұлттық палатасын құру туралы үкіметтің бірлескен шешіміне дүйсенбіде Астанада Қазақстанның аймақтық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Үскенбаев және "Атамекен" одағының жетекшісі Абылай Мырзахметов қол қойды.
Палата төралқасының бірінші ұйымдық отырысында басқарманың дербес құрамы сайланды.
Палата басқармасының төрағасы А.Мырзахметов болды.
Қазан айында облыстарда және Алматы мен Астана қалаларында 16 аймақтық палата құру туралы шешім қабылданды.

Астана.9 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

Ключевые слова: Тимур ҚұлыбаевҚазақстан
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту