Мұнай Қазақстанның негізгі табыс көзі болмауы тиіс – Назарбаев

размер шрифта: Aa | Aa
10.09.2013 12:31

Президент Нұрсұлтан Назарбаев мұнай өндірудің бірнеше сценариін қарап шығып, оның ішінен елімізге лайықтысын таңдап алу туралы ұсыныс жасады.

«Шикізат қорлары экономикалық өсімді қамтамасыз етіп отыруы тиіс. Бірақ, мұнай мемлекеттің басты табыс көзі болуды тоқтатуы қажет. Бұл үкіметтің негізгі міндеті», - деді Н.Назарбаев сейсенбі күні Астанада өтіп жатқан Дамушы рыноктардың еуразиялық форумында.
«Бәрінен бұрын мұнай өндірудің әртүрлі сценарийлерін қарастыру қажет. Консервативтік сценарий бойынша мұнай өнімдерін 2050 жылға дейін қарқынды өндіріп, экспорттауға болады. Яғни, сол арқылы Ұлттық қорға тұрақты табыс түсіп отыруын қамтамасыз етеміз. Агрессивті сценарий бойынша, біз мұнай ресурстарын экспорттау мүмкіндіктерін тез тауысып алуымыз мүмкін», - деді президент.
«Жылына 2 млн баррель мұнай өндірсек біздің халқымызға жетеді», - деді Н.Назарбаев.

Астана. 10-қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту